• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Азиада-2017. Елена Коломина үшінші медаліне қол жеткізді

99 рет
көрсетілді

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында ел қоржынына кезекті жүлде түсті. Шаңғыдан 5 шақырымдық классикалық жарыста Елена Коломина күміс жүлдеге ие болды. Бұл сында алтын медальға жапониялық Юки Кабаяши қол жеткізсе, қоланы қытайлық Хун Сю Ли місе тұтты. Айта кетейік, Коломина Саппорода осымен үшінші жүлдесін жеңіп алды. Отандасымыз осыған дейін, шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында алғашқы күмісіне қол жеткізген болса, 10 шақырымдық еркін жүгірісте қола жүлдегер атанған. 1. Юки Кобаяши (Жапония) — 14:56.1 2. Елена Коломина (Қазақстан) — +6.7 3. Хун Сю Ли (Қытай) — +22.5 8. Ангелина Шурыга (Қазақстан) — +47.5 10. Анжелика Тарасова (Қазақстан) — +57.0 12. Дарья Ряжко (Қазақстан) — +1:02.4.