Еліміздің кей жерлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді.
Алматы облысының жекелеген аумақтарында түнде тұман күтіледі. Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде аздап боран соғып, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін көтеріледі.
Павлодар облысының кей жерлерін де тұман басып, 15-20 жылдамдықпен жел соғады.