• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Қызметкерлеріне шексіз демалыс күнін беретін компаниялар

155 рет
көрсетілді

Соңғы жылдары компанияның еңбек өнімділігін арттыру мақсатында ірі кәсіпорындар қызметкерлеріне еркіндік бере бастады. Ал төмендегі ұлыбританиялық 7 компания қызметкерлерінің жылына неше күн демалыс аламын десе де ешқандай шектеу қоймайды екен, деп жазады businessinsider басылымы. Сала мамандарының айтуынша, қызметкерлердің еркіндікті сезінуі олардың көңіл-күйлерін көтеріп, керісінше жұмысқа деген ынтасын арттыра түседі екен. Бастысы - тапсырманың орындалуы. Белгіленген сағатта немесе күнде кеңсеге келіп отыру міндетті емес.   Netflix Сериялдар мен телеарна шоуларын түсіретін Netflix компаниясы қызметкерлерін жылына кемінде алты апта демалысқа шығуға мәжбүрлейді. Шығармашылық қызметкерлер жылына қанша күн демаламын десе де ерік өздерінде. LinkedIn Кәсіпкерлер мен іскерлердің ең танымал әлеуметтік желісі саналатын LinkedIn қызметкерлерінің әлемді барыншы көбірек шарлағанын талап етеді.   EventBrite 2016 жылы Сан Францискода негізі қаланған бұл компания негізінен түрлі мәдени және спорттық шараларға билет сатумен айналысады.   Crimson Hexagon Лондонда орналасқан АҚШ-тың бұл компаниясы әлеуметтік желілердің сараптамасымен айналысады.   Visualsoft Visualsoft электронды сауда саласындағы Ұлыбританияның ең ірі компанияларының бірі. Компания қызметкерлерінің таңертеңгі шығынуы мен спортпен айналысуына көбірек уақыт бөлуін талап етеді.   JustPark Көшеде, қоғамдық орындардың маңынан немесе қаланың кез келген жерінде көлік қаңтаратын орын іздеген жүргізушілер JustPark қосымшасының қызметіне жүгінеді. Компания қызметкерлерінің кеңседе отырған уақытынан, сыртта жүрген уақыты көп.   AffectV Аудиотехнология мен жарнама платформасын ұсынатын AffectV компаниясы қызметкерлерінің айтуынша, демалыс еркіндігінің берілуі шығармашылық дамуға айтарлықтай жол ашып отыр.