• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

«Қазақстан инжиниринг» компаниясының басқарма құрамы өзгерді

184 рет
көрсетілді

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 15 ақпандағы шешімімен компанияның басқармасы мүшелері басқарма төрағасының орынбасары Қанат Таңатарұлы Сұлтанбеков мен аппарат басшысы Әділғазы Сәдуақасұлы Бергеневтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат. Бұл шешіммен басқарма құрамы сайланды: басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шәмілұлы Шақшабеков, басқарушы директор Мәдина Шариязданқызы Мұқышева. Осылайша, басқарма құрамы бес адамнан құралды: Басқарма төрағасы - Ерлан Сапарғалиұлы Ыдырысов; Басқарма төрағасының орынбасары - Вадим Шәмілұлы Шақшақбаев; Басқарма төрағасының орынбасары -Сая Найманбайқызы Мыңшәріпова; Басқарушы директор -Кенжебай Сәтжанұлы Сәтжанов; Басқарушы директор - Мәдина Шариязданқызы Мұқышева.