• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Қазақстанда бөлшектік нарықтағы дәрі-дәрмек бағасы реттелетін болады

156 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда халықаралық тәжірибе зерттелуде және «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне түзетулер пысықталуда. Бұл туралы ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министр егер дәрі-дәрмекті сатып алу саласында 2015 жылдан бастап баға белгілеу жүйесі табысты жұмыс жасап келе жатса, Денсаулық сақтау министрлігінің бөлшектік нарықтың бағасына әсер етуге ешқандай өкілеттігі жоқ екенін атап өтті. Осыған байланысты бөлшек саудада, яғни дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмек бағасы КТМКК қажеттіліктеріне бюджет қаражатынан сатып алынатын дәрі-дәрмек бағасымен салыстырғанда 3-4 есеге көтеріп жіберген жағдайлар орын алып жатады. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізген соң ғана мемлекет бөлшектік сегментті реттеуге құқылы болады. "Бізге тез арада іс-қимыл жоспарын әзірлеп, кәсіпкерлермен бірге барлық нюанстарды талқылау қажет. 2017 жылдың тамызына қарай сәйкес заң жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізуді жоспарлап отырмыз», – деп баса айтты Е. Біртанов. Бірер күн бұрын Денсаулық сақтау министрлігі осы үлгі табысты енгізілген елдердің халықаралық сарапшылары енген жұмыс тобымен кездесу өткізді. Е. Біртанов аталған қажетті шара таяу арада Қазақстанда да енгізілетінін айтты.