Неміс ақпарат құралдары КСРО президенті болған Михаил Горбачевке тиесілі жылжымайтын мүліктің сатылымға шығарылғанын жазады, деп хабарлайды kapital.kz.
Süddeutsche Zeitung басылымының мәліметінше, Горбачевтің 17 бөлмелік Hubertus-Schlössl (Хуберт сарайы) вилласы Бавариядағы Альпі тауының етегінде орналасқан.
Саясаткердің қызы Ирина Вирганская бұл жер мен ондағы үйді 1998 жылы сатып алған. Вилланың қазіргі құны 7 млн еуро.
Оберах қаласы әкімінің айтуынша, Горбачевтің өзі мұнда осыдан үш жыл бұрын келген екен.