• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
23 Ақпан, 2017

Өмірді ұзарту үшін күніне 800 гр жеміс жеу керек - ғалымдар

335 рет
көрсетілді

Лондондағы Imperial college ғалымдарының айтуынша, күніне 10 рет әр бөлігі 80 грамнан тұратын жеміс пен көкөніс жеу өмірді ұзартуға септігін тигізеді, деп жазады ВВС.

Күніне 200 грамм көкөніс пен жеміс-жидек:

жүрек-қан тамыры ауруларын 13%-ға, қатерлі ісік ауруларын 4%-ға, себепсіз өлім қаупін 15%-ға төмендетеді. 800 граммов көкөніс пен жеміс-жидек: жүрек-қан тамыры ауруларын 28%-ға, қатерлі ісік ауруларын 13%, себепсіз өлім қаупін 31%-ға төмендетеді. Бір айта кетерлігі, ғалымдар бұл қорытындыға келмес бұрын 95 түрлі зерттеулер жүргізіп, 22 млн адамның тамақтану рационын ескерген. Ал зерттеу қорытындылары International Journal of Epidemiology журналында жарияланды. Сонымен қатар ғалымдар кейбір аурулардың алдын алатын жеміс-жидектерді атаған. Мысалы, жасыл немесе сары көкөністер, бұрыш пен саумалдық, гүлді қырыққабат қатерлі ісікті болдырмайды. Ал жүрек-қан тамыры ауруларын болдырмас үшін алма, алмұрт, цитрус пен салаттар көп тұтынған жөн. Зерттеу нәтижелері тағы бір мәрте көрсеткендей, жемістер мен көкөністер холестериннің деңгейін төмендетіп, қан қысымын болдырмауға, адамның иммунитетін арттыруға көмектеседі.   Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күніне 5 рет жеміс-жидек пен көкөніс жеуді ұсынады.