• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Кеңес отырысы өтті

153 рет
көрсетілді

Кеше Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаев Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-әрекет жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсек­еге қабілеттілік» атты Жолдауында көрсетілген, үздік тәжірибелер мен ЭЫДҰ ұсыныстарын енгізу жөніндегі тап­сыр­маларын іске асыру аясындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, Кеңес ЭЫДҰ жұмыс органдарына қатысу деңгейін арттыру жөніндегі Әрекеттер жоспарын, сонымен қатар, ынтымақтастықтың елдік бағ­дарламасын іске асыру мәселелерін қарастырды. * * * Осы күні Премьер-Министр Бақыт­жан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес қатысушылары Қазақстан­да инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша, соның ішінде жергілікті қамту әлеуетін арттыру, шет елден жұмыс күшін тарту рәсім­дерін жетілдіру, сонымен қатар, құры­лыс және жобалау салаларында лицензиялау жөніндегі ұсыныстарды талқылады.