Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VIII қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті жүлде түсті.
Биатлоннан 12,5 шақырым қашықтықта із қуу жарысында отандасымыз Ян Савицкий күміс жүлдеге қол жеткізді. Алтын медальға Күншығыс елінің спортшысы Микито Тачизаки ие болса, қола жүлдені оңтүстіккореялық Ён Гю Ким алды.
Сонымен қатар, Қазақстан атынан сынға түскен Максим Браун жарысты 10-орында аяқтаса, Антон Пантов 12-орыннан көрінді.
Микито Тачизаки (Жапония) — 38:47.2 (1+1+0+1)
Ян Савицкий (Қазақстан) — +5.8 (1+0+2+2)
Ён Гю Ким (Оңтүстік Корея) — +1:11.5 (2+0+3+0).
Василий Подкорытов (Қазақстан) — +2:49.0 (1+5+1+1)
Максим Браун (Қазақстан) — +3:05.6 (0+2+2+1)
Антон Пантов (Қазақстан) — +3:58.4 (1+4+0+1).
Айта кетейік, ел қоржынында осымен 13 жүлде (3 алтын, 5 күміс, 5 қола) бар.