• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Үкімет қазақстандықтардың оффшорын бақылауға алуы мүмкін

138 рет
көрсетілді

Қазақстан оффшорлық аймақтармен қаржы мәліметтерін автоматты алмасып отыру туралы келісімге келуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев мәлімдеді. «Бизнесті көлеңкеден шығару мақсатында құзіретті органдармен қаржы есепшоттары бойынша автоматты ақпарат алмасу туралы көпжақты келіссөзге қосылу жұмыстары қолға алынуда. Осынау келісімге кіре отырып Қазақстан қазақстандықтардың шетелде тапқан табыстары туралы мәлімет ала алады. Аталған келісімге оффшорлы аймақтар да кіреді", - деді Теңгебаев. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айында Қазақстан Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының салықтық базаны жымқыру және табысты сыртқа алып шығуға қарсы күрес жобасына кірген еді. Аталған жобада 15 қадам қарастырылған. Оның ішінде ішкі заңнамаға өзгерістер енгізу, бағаны белгілеу мен трансферт бойынша бірлескен жұмысқа арналған халықаралық келісімге қосылу, халықаралық салық мәселесі мен ақпарат алмасу қамтылған.