• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Норвегиялық әуе компаниясы Еуропадан АҚШ-қа 65 долларға рейс ашады

134 рет
көрсетілді

Компанияның мәліметінше, бұл адамзат тарихындағы ең арзан баға, деп жазады BBC.

Норвегиялық Norwegian Air Shuttle ASA әуе компаниясы алдағы шілде айынан бастап бір бағытқа 65 долларға трансатланттық әуе рейстерін ашады.

Нақтырақ айтар болсақ 65 доллардың билетімен Белфаст пен Эдинбургтен Нью-Йорк пен Бостонға дейін баруға болады. 65 доллар ең арзан тариф, ал стандартты баға 99 доллар болмақ.

Қазіргі таңда Дублиннен Нью-Йоркке дейінгі трансатланттық әуе рейсі 655 доллардан 2755 долларға дейін жетеді. Айта кетейік, Қазақстанның көпшілік ішкі әуе рейстерінің бағасы 65 доллардан жоғары.

"Мен өзіме қажет нәрселер үшін ғана төлеймін, сіздер өздеріңізге қажет үшін төлейсіздер. Біз ұшақтағы барлық жолаушылардың қажеттілігіне төлемейміз", - делінген тарифтің ресми жарнамасында.