• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Ақпан, 2017

Лаврентьев «Астана банкі» директорлар кеңесі құрамынан шықты

151 рет
көрсетілді

Андрей Лаврентьев «Астана банкі» директорлар кеңесі құрамынан шықты, деп хабарланды Қазақстандық биржа қорының сайтында (КАSE).

Банктің директорлар кеңесінің шешімі Андрей Лаврентьевтің банк директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттілігін өз еркімен мерзімін бұрын тоқтатуы туралы хабарды ескеріле отырып, 2017 жылдың 22 ақпанында қабылданды.

Енді «Астана банкі» директорлар кеңесінің құрамында Тоқтаров Олжас Тәңірбергенұлы; Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы; Дәулетбаев Марат Төреханұлы; Бектұрғанов Данияр Базарбекұлы және Шагубатов Александр Вячеславович бар. Андрей Лаврентьев 1979 жылы 29 маусымда Алматы қаласында туған. Кәсіпкер, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ (Allur Group) директорлар кеңесінің  төрағасы, Қазақстан автобизнес қауымдастығының президенті.