• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Мәжілістің бюро отырысы өтті

90 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Ол бойынша палата депутат­тары дене шынықтыру және спорт мәселелеріне түзетулерге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Сондай-ақ, палата Ресеймен авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімді және 1996 жылғы 18 қазандағы Ресей­мен темір жол көлігі кәсіпорындары­ның, мекемелері мен ұйымдары­ның қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа қабылдайды. Осы ретте, сонымен қатар, 2012 жылғы 11 мамырдағы Қыр­­ғыз­­станмен екі мемлекет азамат­­тарының аталған респуб­лика­лар аумағында болу тәртібі туралы үкіметаралық келісімге түзе­тулерге қатысты хаттаманы, сондай-ақ, осы елмен реад­мис­сия туралы үкіметаралық келі­сім­ді және оны іске асыру тәр­тібі туралы атқару хаттамасын рати­фи­кациялауға байланысты заң жобалары бойынша бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін белгілемек.