• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Өзбекстан Президентімен кездесті

133 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметінің бірінші вице-премьері А.Мамин Таш­кент­ке жұмыс сапары шеңберінде Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Қазақстанның бірінші вице-премьері бауырлас елге Қазақстан-Өзбекстан арасындағы Екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 16-шы мәжілісіне қатысу үшін келген болатын. Кездесу барысында екі­ ел­­дің барлық бағыттағы ын­ты­мақтастығының перс­пекти­ва­лары, оның ішінде сауда-эко­номикалық байланыстар жайы талқыланды. «Қазақстан Өзбекстанның Орталық Азия өңіріндегі аса ірі сауда серік­тесі болып табылады», – деді Ш.Мирзиеев. Сондай-ақ, ол екі ел арасындағы өзара қа­рым-қатынас экономикалық ынтымақтастықты дамытудың сапалы жаңа кезеңіне аяқ бас­қанын атап көрсетті. А.Мамин Қазақстан бас­шы­сы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Өзбекстанмен ынты­мақ­тастықты дамытуға ерекше на­зар аударып отырғанын көл­денең тартты. Кездесу барысында Қа­зақ­стан Республикасы Пре­мьер-Министрінің бірін­ші орын­басары өзбек әріптес­те­рі­мен жұмыстың жүйелі не­гізде жүргізіліп келе жат­қа­нын хабарлады. Негізгі сала­ларда бірлескен сауда үй­лері құры­лған. Олар агро­өнер­кәсі­птік кешен, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінде көрі­ніс тауып отыр. Өзара тауар ал­масу­лар ұлғая түсуде. Ынты­мақ­тас­тықтың автомобиль жасау, туризм, мұнай-химия сияқ­­ты сала­ларында жаңа ба­ғыт­­тар ай­қындалған. Бірқатар инф­ра­құрылымдық жобалар бо­йынша нақты уағдаластықтар бар. Оның ішінде автобус және әуе қатынастарын ашу, нақтырақ айтсақ, ішінде Астана – Ташкент әуе рейсін аптасына 6 ретке дейін көбейту сияқты ұсыныстар біл­діріліп отыр. Қазақстан мен Өзбек­стан ара­сында әскери және әс­кери-тех­никалық ынты­мақ­тас­тық­ты жолға қою ту­ралы уағ­далас­тыққа да қол жеткізілген. Белсенді өңіраралық ынты­мақтастықтың басталуына сер­пін беріліп үлгерілсе, қа­зір­дің өзінде Қазақстан мен Өзбекстан облыстарының деле­гациялары бірқатар сапар алмасуларды жүзеге асырды. Өткен жылы екі ел арасын­дағы тауар айналымы 1,6 млрд-дан астам АҚШ долларын құ­рады. Ақшалай алғанда өзара сауда көлемі 40 пайызға жуық ұлғайды. 2020 жылға қарай аталған көрсеткішті 1,6-дан 5 млрд АҚШ долларына дейін арттыру міндеті қойылып отыр. Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Өзбекстан Республикасы мен Қа­зақстан Республикасы ара­сындағы жан-жақты өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға сіңірген ерен еңбегі, екі елдің темір жол көлігі сала­сындағы ынтымақтастығын кеңей­туге және тереңдетуге қосқан жеке үлесі және Орталық Азия өңіріндегі өңіраралық көлік дәліздері секілді ірі жоба­лар­ды жүзеге асыруға бел­сенді қатысқаны үшін Асқар Маминді «Дустлик» орденімен ма­рапаттау туралы ресми сал­танат өткізді. Өзбекстан Премьер-ми­нистрінің бірін­ші орынбасары Ачилбай Рама­тов­пен кезде­суде Үкіметаралық ко­мис­сияның 16-шы мәжілісі­нің маңызы Президент Ш.Мир­зиеевтің Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапары қарсаңында арта түсетіні атап өтілді. Тараптар сауда-экономика­лық ынтымақ­тастықты әрі қарай кеңейту, ауыл шаруашы­лығы, көлік және логистика, транзит, т.б. салалардағы байланыстарды нығайту мәселелерін талқы­лады. Сұхбаттастар өңірлер­дің­ экономика­лық ынты­мақ­­тас­тығында негізгі екпін өнер­кәсіптік коопера­ция­ны дамыту мен бірлескен инвестициялық жоба­ларды жүзеге асыруға түсірілуі тиіс екенін атап көр­­сетті. «Біз Қазақ­станмен бір­лес­кен жобаларды жүзе­ге асыру бойынша белсенді ынты­мақ­тастыққа дайынбыз», – деді А.Раматов. Ташкентке жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Респуб­ликасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Екіжақ­ты ынтымақтастық жө­ніндегі бірлескен үкіметара­лық комиссияның тең төрағасы Асқар Мамин Коми­с­сияның 16-шы мәжілісіне қатысып, сөз сөйледі. Онда энергетика, кеден, мұнай-газ, көлік және транзит, туризм, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынты­мақтастық мәселелері егжей-тегжейлі қарастырылды. Сон­дай-ақ, әскери және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл жайы талқыланды, деп хабарлады Қазақстан Респуб­ли­касының Өзбекстан Респуб­ликасындағы елшілігінің баспасөз қызметі.