• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Алматы тауар өндірушілері ақысыз қызметті пайдаланады

167 рет
көрсетілді

Алматылық тауар өндіруші­лерге сыртқы нарыққа шығуды жолға қою үшін ақысыз қыз­мет көрсету, шетелдік іссапар­ларының шығындарын өтеу, экспортты ілгерілету мәселелері бойынша оқыту ұсынылып отыр. Мемлекеттің мұндай қолда­уына ие болу үшін өндіруші қазақстандық қамтудың дайын өнімдерін шығаруы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы мен Алматы облысының экспортқа бағытталған кәсіпорындарымен ұлттық агенттік өткізген кеңес барысында «KAZNEX INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Асқар Арынов мәлімдеді. Оның айтуынша, өңір өнеркәсібінің ең мұқтаж салалары бұрынғыша тамақ, химия және машина жасау өнеркәсіптері болып қала бермек. «Алматы Қазақстандағы экс­­­портқа бағытталған компа­ниялардың саны жағынан көш­­басшы болып табылады. Мысалы, біз Zibroo спорт киім­дерін шығаратын алматылық компанияға барып көрдік. Өтім нарығының ерекшелігіне талдау жасалғаннан кейін біз компанияға Ресейдің «Спорт киімдері» көрмесіне қатысуға ұсыныс жасадық. Ендігі жерде компанияның барлық шық­қан шығындарын 100 пайыз мөлшерде өтейміз. Сондай-ақ, біздің жоспарымызда бір апта ішінде өңірдің шамамен 40 кәсіпорнын барып көру, сонан соң сауда миссияларының жол картасын және салалық халық­аралық көр­мелердің күнтізбе­­сін құрастыру ниеті бар», дейді Ас­қар Арынов. Осы арада 2009-2016 жылдар аралығында Алматы мен Алматы облысы аймағында өнді­рістік кәсіпорындар 27,8 млн АҚШ долларына экспорттық келісімшарттар жасағанын атап өткен жөн. 2010-2016 жылдары сауда миссияларына өңірлік 108 кәсіпорын қатысты, нәтижесінде 100 млн АҚШ долларына экс­порттық келісімшарттар жасалды. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ