• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Зерендідегі жаңа емхана жұмыс істемей тұр

136 рет
көрсетілді

Зеренді ауданындағы ауысымына 250 адамға дейін қабылдай алатын құны 1,5 миллиард теңгеге бағаланған медициналық мекеме өткен жылдың бірінші тоқсанында салтанатты түрде ашылған болатын. Алайда, аудандық әкімдік хабарлағандай, келісімшарттың толық жүзеге аспауынан бүгінде емхана жұмыс істемей тұр. Яғни, мердігердің өз келісім­шарттық міндеттемесін орындамауынан технологиялық құрал-жаб­дықтар дер кезінде жеткі­зілмеген. Әзірге аталған ком­па­ния қажетті құрал-жабдық­тардың тек 22 пайызын ғана жет­кізіпті. Сондықтан да, об­лыс­­тық құрылыс басқармасы ме­ди­циналық мекемені облыстық ден­с­аулық сақтау басқар­масы­ның құзыретіне өткізе алмай отыр. Себебі, қабылдап алу актісі бо­л­маған жағдайда емхана өз жұ­мысын бастай алмайды. Осыған орай өткен жылы облыстық құрылыс басқармасы «Астана-Автострой» ЖШС құры­лыс компаниясы үстінен шағым­данып, жеткізіліп бермеген тех­нологиялық құрал-жабдық­тар­дың құнын өндірмек болған еді. Бұл талап Ақмола облысы ау­дан­аралық мамандандырылған эко­но­микалық соты тарапынан қан­ағаттандырылғанын айта кету керек. Егер мердігер келісім­шарт­та көрсетілген міндет­теме­лерін орындайтын болса, емхана өз жұмысын бастайтын болады. Әзірге бұл мәселе шешімін таппай тұр. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы