• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Еліміздің кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады

184 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет». Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын жүріп, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын жүріп, жел 15-20 м/с болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде желдің күшеюі 18 м/с күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде-тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с болады.