• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Оң өзгерістер өзегі

418 рет
көрсетілді

Дерек бойынша, өткен жылғы экономикалық өсімге құрылыс секторы – 2,6 пайыз, көлік және логис­тика саласы – 3,8 пайыз және ауылшаруашылық саласы 5,5 пайыз үлес қосқан. Сондай-ақ, инвестициялық белсенділік те оң ықпал етіпті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,1 пайызға өсіп, 7,7 трлн теңгені құраған. Бағаны тұрақтандыруға қатысты қабылданған шаралар нәтижесінде жылдық инфляция 8,5 пайыз шамасында сақталған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің қорытынды есебінде айтылды. Мамандар пікірінше, былтыр экономиканың ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделуі қиын болған көрінеді. Энер­гия ресурстарының бағасы құбыл­малы және тұтынушылық бел­сенділіктің төмендеуіне қара­мастан, дағдарысқа қарсы шара­лар мен «Нұрлы жол» мемле­кеттік бағдарламасы 2016 жылы 1 пайыз ІЖӨ өсімін қамтамасыз еткен. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ағымдағы жылы ішкі және сыртқы жағдай­лардың біртіндеп оңалуына бай­ланысты экономиканың кейбір салаларына қатысты көр­сет­кіштерді қайта қарау жоспарланып отырғанын айтады. «Негізгі басым бағыттар – мұнай өндірісін Қашаған арқылы 79,5-тен 81 млн тоннаға дейін ұлғайту; өнер­кәсіпте қайта өңдеу саласын ИИДМБ жобалары және «Нұлы жол» бағдарламасын жалғастыру арқылы қайта өңдеуді 1,2 пайыздан 2,6 пайызға ұлғайту; «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дар­ламасы арқылы елдің транзитт­ік әлеуетінің 4 пайызға өсуін қамтамасыз ету маңызды», деді ол. Аталған факторлар эконо­миканың даму қарқынын арттырады және биылғы ІЖӨ өсімін 2 пайыздан кем түсірмек емес. Биыл экономикада оң өзг­ерістер, жұмыспен қамту ар­қылы елдегі әлеуметтік тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету, халықтың табыс табуы­на жағдай жасау, эконо­ми­калық өсімді ынталандыру жұмыстары жалғасады. «Биз­нестің шығындарын қыс­қарту, оның ішінде энергетика, көлік, логистика және ТҮКШ бойынша кешенді жұмыс атқару жоспарланған. Сондай-ақ, бәсе­ке­лестікке кедергі келтіретін заңнама толық тексеріліп, олқы­лықтар анықталды», деп атап көрсетті Т.Сүлейменов. Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»