• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Ержан Шынкеев Гран При турнирінде Олимпиада чемпионын жеңді

167 рет
көрсетілді

Дюссельдорфта өтіп жатқан Гран При турнирінде Ержан Шынкеев (+100 кг) қолаға қол жеткізді. Жұбаныш белдесуінде Рио Олимпиадасында 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған Лукаш Крпалекті вазари ұпайымен ұтып, қола медалді жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. Алғашқы белдесуінде Шынкеев бразилиялық қарсыласы Искуарде Руан 3 шидо алғандықтан жеңіс қазақстандық дзюдошыға берілді. Екінші айналымда Грузия елінің балуаны Адам Окурашвилиді вазари ұпайымен қапы қалдырған Шынкеев үшінші айналымда жапон дзюдошысы Хисаёши Харасавеге қарсылас атанды. Алайда, белдесу барысында сылбырлық танытқан Ержан Шынкеев үш шидо алғандықтан жеңіс жапон балуанына бұйырды. Қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік берілетін жұбаныш белдесуінде Ержанның қарсыласы Хаммо Якив татамиге шықпағандықтан қазақстандық балуан жүлделі орынға таласуға мүмкіндік алды. Қола жүлде үшін өткен белдесуде сенсация орын алып, Қазақстандық балуан 100 келіге дейінгі салмақта Рио Олимпиадасының чемпионы Лукаш Крпалекті вазари ұпайымен жеңіп, Гран При турнирінің қола медалін иеленді. Естеріңізге сала кетсек, 24-26 ақпан күндері Германиянның Дюссельдорф қаласында әлемдік Гран При турнирі өтті. 50 елден 346 дзюдошы барған бұл жарысқа Қазақстан сапынан 17 дзюдошы қатысты.