• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Хабиб Нурмагомедов екі жылдан кейін спорттан кетеді

179 рет
көрсетілді

ММА спортында ешкімге есе жібермеген ресейлік Хабиб Нурмагомедов алдағы екі жылда мансабын аяқтайды. Бұл туралы оның әкесі әрі жаттықтырушысы Хабиб Абдулманап Нурмагомедов мәлімдеді, деп хабарлады allfight.ru «Әрбір спортшының бойында белгілі бір деңгейде күші болады. Уақыт өте келе оның да аяқталатын кезі келеді. Қазір Хабиб 28 жаста, екі жылдан кейін 30-ға келеді. Осы уақытта мансабын аяқтауы қажет. Жекпе-жектерге шығуы үшін шамамен бір жарым екі жылдың көлемі қалды. Айқастардан бөлек оның атқаруы тиіс жұмыстары көп», – деді Хабиб Нурмагомедовтің әкесі. Айта кетейік, аралас жекпе-жекте ешкімге есе жібермеген ол UFC чемпионы Конор Макгрегорды жекпе-жекке шақырған. Ал ирландиялық келер жылдың басында боксшы кіші Флойд Мэйуезермен шаршы алаңға шығуды жоспарлап отыр.