• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

"Үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар" иегері анықталды

435 рет
көрсетілді

Лос-Анджелестегі Dolby Theatre театрында "Оскар" жүлдесінің 89-шы марапаттау рәсімінің қорытындысы бойынша "Үздік фильм" номинациясы бойынша "Ай сәулесі" картинасы "Оскарды" жеңіп алды. Естеріңізге сала кетсек, жылдың үздік фильмі атану үшін 9 фильм сынға түскен болатын. Олардың қатарында «Арыстан», «Ла-Ла Ленд», «Кедергілер», «Манчестер теңіз жанында», «Хаксоу Ридж», «Жасырын пішіндер» сияқты фильмдер бар. Осыған дейін бірнеше БАҚ "Үздік фильм" бойынша "Ла-Ла Ленд" фильмі жеңіске жеткенін хабарлаған болатын. Кейін белгілі болғандай, басты аталымдар бойынша жеңімпазды атау барысында жүргізуші фильмдердің атауын шатастырып алған. "Ла-ла Ленд" авторлары алғыс сөзін айтып біткенде Уоррен Биттидің қателескені белгілі болды. Сөйтіп, жылдың үздік фильмі "Ай сәулесі" болды. "Не болғанын білмеймін, бірақ тек өзімді кінәлаймын. Бүлдіретінімді біліп едім! Енді қайтып келмеймін деп уәде беремін", - деп мәлімдеді Джимми Киммел шара соңында.