Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP Challenger турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Мексиканың Морелос штатында өткен турнирде доминикандық Хосе Эрнандесті (4:6, 6:4, 6:2), колумбиялық Алехандро Гоместі (6:4, 6:4) және оның отандасы Эдуардо Струвеяны (6:4, 6:4) жеңді.
Финалда чилилік Николас Харриден 7:6, 6:4 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, 19 жастағы теннисші өткен жылдың қараша айында Ресейден Қазақстан құрамасының сапына ауысып келген.