Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 KO) жекпе-жек алдында допинг тексерістен өтті. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Кәсіпқой бокс қауымдастығының (WBC) президенті Маурисио Сулейман қос боксшының қанынан тыйым салынған заттар табылмағанын мәлемдеді.
"WBC VADA-дан допинг тексерістің нәтижесін алды. Қорытындысында тыйым салынған препараттар табылмады», – деп жазды Сулейман туиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді.