• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысында боран соғады

131 рет
көрсетілді

Алдағы үш тәулік бойы Қазақстандағы ауа райына Орал және Батыс Сібір арқылы жылжып келе жатқан циклондар мен  атмосфералық фронттар ықпал етеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Атмосфералық фронттар әсерінен кей жерлерде қар жауып, республиканың солтүстік жартысында боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Осы фронттардың тылынан антициклон жылжып келеді, сондықтан үшінші күні температура төмендейді, бірақ климаттық нормадан жоғары болады.