Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропа Қайта құру және даму банкінің вице-президенті Пьер Хэйльбронмен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясындағы басты реформалар мәселелері талқыланды.