«Қайрат» футбол клубының бұрынғы бапкері Александр Бородюк Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруы мүмкін. «Спорт-Экспресс» басылымының мәліметі бойынша ресейлік маман жаңа қызметіне наурыз айынан бастап кіріспек.
Александр Бородюк Ресей ұлттық құрамасының жаттықтырушылар алқасында қызмет еткен. Бұған дейін өз елінің жастар құрамасына немесе Беларусь ұжымына бас бапкер болуы мүмкін екендігі хабарланған.
Айта кетейік, Бородюк өткен маусымның басында Алматының «Қайрат» клубымен Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған. Алайда, ҚПЛ-дің үшінші турынан кейін сәтсіз ойындары үшін өз еркімен қызметінен кеткен.
Қазіргі уақытта Қазақстан ұлттық құрамасын Талғат Байсуфинов жаттықтырады.