• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
27 Ақпан, 2017

Құралбек Ордабаев: Бородюк ұлттық құраманы жаттықтырады деп ойламаймын

274 рет
көрсетілді

Қазақ футболының ардагері, даңқты қақпашы, «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Құралбек Ордабаев Қазақстан ұлттық құрамасына Александр Бородюктің бас бапкер болатындығы жайлы өз ойын білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Бородюк мұндай жауапты қызметке тағайындалады деп ойламаймын. Ол бізде жұмыс істеп кетті. «Қайратқа» жетекшілік етті. Берілген міндетті жөнді атқара алмай, өз еркімен кетті. Оның бастауымен команда жаңа маусымға дайын емес еді. Нәтижесінде, маусым басында-ақ бірнеше рет жеңілді. Осыған байланысты басшыларымыз оны ұлттық құрамаға шақырады деп ойламаймын», – деді Құралбек Ордабаев. «Қазіргі уақытта бапкер ауыстырудың еш қисыны келмейтін сияқты. Биыл негізгі құрама алты ресми кездесу өткізеді. Соның қорытындысы бойынша шешім шығаруға болады. Менің ойымша, Талғат Байсуфинов дұрыс жолда келеді әрі әлем чемпионатының іріктеу кезеңдерін аяқтауға мүмкіндік беру қажет», – деді даңқты қақпашы. Айта кетейік, «Спорт-Экспресс» басылымы алдағы айда Александр Бородюк жаңа қызметіне кірісетінін хабарлаған.