Қызылордада 1-5 наурыз аралығында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ҚР Кубогы мен чемпионаты өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Оған Астана, Алматы қалаларына және облыстардан 16 команда, яғни 200-ден аса спортшы 16 салмақ дәрежесінде қатысады.
Аталмыш жарыс 10-15 сәуірде Ашхабадта (Түркіменстан) өтетін Азия чемпионатына спортшыларды іріктеу сыны болып отыр.
Сондай-ақ, 105 келі салмақта жеңімпаз атанған спортшыға Илья Ильиннің кубогы мен сертификаты беріледі.
Жарыстың басталуы 1 наурыз сағ. 11.00-де, салтанатты ашылуы 14.30-да «Еуразия» спорт кешенінде өтеді.