Шығыс Қазақстанда апатқа ұшыраған тікұшақ ұшқышының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тергеу-жедел тобы мен құтқарушылар құлаған тікұшақтың 47 жастағы ұшқышы - Петр Устиновтің денесін тапты. Ол МИ-8 тікұшағымен Аягөзге жеткізіледі.
«Апат болған жерде ІІД тергеу-шұғыл тобы жұмыстарын жалғастырады. Олармен Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы бірге қалады», – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінде.
Бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құлаған тікұшақтың иесі анықталғандығын мәлім еткен болатын.
Айта кетейік, кеше Шығыс Қазақстан облысында жекеменшік «Стрекоза 7-Gazelle SA341» тікұшағы апатқа ұшыраған. Оны іздеуге бүгін таңертең облыс орталығынан бортында құтқарушылар тобы және ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар МИ-8, Семей қаласынан МИ-17 әскери тікұшағы жұмылдырылды. ШҚО ТЖД дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылды.
«С-341»-ді Алматы облысынан іздеуге аттандырылған жеке компанияның МИ-2 тікұшағы тапты.
«Қазаэронавигацияның» мәліметінше, жоғалған тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік батысқа қарай 60 км жерден табылды. Олардың хабарлауынша, ұшқыш қаза тапқан. Аман қалған бір жолаушы Айғыз ауылына жеткізілді.