• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Мамандардың біліктілігіне мән беріледі

174 рет
көрсетілді

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік сала­сын­дағы мемлекеттік саясат: дамудың жаңа кезеңінің міндеттері» тақырыбында рес­публикалық семинар-тренинг басталды. Үш күнге созылатын шара Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асы­ру шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Семинар-тренинг барысында Президент Әкім­шілігінің, ҚХА Хатшылығының, Мем­лекеттік қызмет және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Дін іс­тері және азаматтық қоғам министр­лі­­гі­нің, Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қо­р­­­ғау министрлігінің, Орта­лық сайлау ко­мис­сиясының мамандары, Астана меди­ци­­налық университетінің профес­сор­лары дә­ріс оқымақ. Шараға еліміздегі этномәдени бір­лес­­тік­­тер­д­ің өкілдері, дін істері, тілдерді да­мы­­ту бас­қармаларының мамандары, қ­ұ­қық қор­ғау органдарының мамандары, ҚХА-­ның өңір­лердегі хатшылықтарының же­­текшілері, этно­с- ­таралық және кон­фес­сияаралық қатынастар, қо­ғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік сала­сында қызмет атқаратын мемлекеттік қыз­мет­шілер қатысып, дәріс тыңдайды. – Жалпы, этносаралық және конфес­сия­аралық қатынастарға қатысты саясатты жүргізуде мемқызметкерлердің білімі мен бі­лік­­тілігіне көп нәрсе байланысты. Осы семинар-тренингте дәріс тыңдаған ма­­мандардың кә­сіби біліктілігі артады деп үміттенеміз. Үш күн ішінде еліміздің өңір­­леріндегі этно­са­ра­лық ахуал, көші-қон үдерістерінің негізгі ба­ғыттары мен оның тұ­рақтылыққа тигізетін ық­палы сынды та­қы­рыптар бойынша дәріс оқы­лады. Елі­міз­­дегі діни ахуалдың бүгінгі жағ­дайы мен болашағына шолу жасалады. Үшінші жаң­ғыру бойынша экономикалық өсімнің жаңа үл­­гісіне талдау жасалады, – деді Мем­ле­­кет­тік басқару академиясының шараны ұй­ым­д­ас­тырушы маманы. Семинар-тренинг қорытындысы бойынша оған қатысқан мамандарға тиісті сертификаттар тапсырылады. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»