• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Бөрлі ауданындағы екі ауылды қоныстандыру жөніндегі жоба жоспар бойынша жүріп жатыр

205 рет
көрсетілді

Осындай ауқымды қоныс­тан­ды­ру­ға Қарашығанақ кен орнындағы эко­номикалық және техникалық ба­ғалау жөніндегі жұмыстардың аяқ­та­луы мен оны қорғау аума­ғы­ның бол­жамды ұлғаюы себеп болып отыр. Сондықтан, ел Үкі­ме­ті осы ау­мақ аясына түскен Бе­ре­зовка және Бес­­тау ауылдарын қо­ныс­тандыру ба­ғ­­дарламасын қа­был­дады. Бағ­дар­лама аймақтағы жер­гілікті билік ба­с­­шылығымен іс­ке асырылуда, ал тапсырыс бе­руші рөлін және бар­лық шы­ғын­дар­ды «Қарашығанақ Пет­ро­лиум Опе­рейтинг Б.В.» компа­ни­я­сы өз мой­нына алды. Жоғары са­­па талап­тарын мүлтіксіз сақтау ере­­­же­лерін үнемі ұстанатын кон­со­р­­­­­- циум көшірумен байланысты бар­­­лық жұмысты ҚР заңнамасы мен ха­лықаралық стандарттарға қа­таң сәй­кестікте жүргізуді ал­дына мақсат етіп қойды. Яғ­ни, жаңа жерде әр отбасыға бұ­рын­ғы­сымен бірдей тең, тіп­ті одан да қо­лайлы жағдайлар ұсы­нылады. Құ­рамына Бөрлі ауда­ны әкімдігі мен мәслихатының, ҚПО және қо­ғамдық ұйымдардың өкіл­дері кір­ген арнайы комиссия, ең алды­мен, березовкалықтар мен бес­тау­­лықтардың пікірі мен мүд­д­е­сін ес­­керетін болады. Олардың бі­­рі ау­­дан­ның әкімдігі және кә­сіп ор­та­­лығы Ақсай қаласынан тұр­мыс­қа қо­лайлы пә­терді қаласа, ен­ді бірі ауыл­дың тұр­­мыс салтын өз­гер­т­пеу­ге шешім қа­­былдаған. Қоныстандыру үдерісі екі кезеңге бө­лінген. Бірінші кезеңде Ақсайдағы екі көп пәтерлі үйге әлеуметтік аз қам­тылған азаматтар қатарына жа­та­тын 82 отбасы көшіп кірді. Ұсы­ныл­ған пәтерлердің көлемі бұ­рын­ғы баспанасынан кем емес. От­ба­сының әр мүшесіне 15 шаршы метр­ден деген есеппен берілді. Алайда, егер иеліктегі үйі үлкен болса, жа­ңа­дан қоныстанушылар одан да кең баспанаға ие болады. Бөлек пә­тер алу­ға тілек білдірушілерді де, мә­се­лен, некедегі ер жеткен балалары бар ата-аналардың талаптарын ескердік. Жаңадан қоныстанушылардың алғ­ашқы көп пәтерлі екі үйдің сапасына көңілдері толады. Пәтерлер газбен жылыту құралдары және плиталармен, асүй жиһазымен жабдықталған. Балкондары шыныланған, ауласы абат­тандырылған. Үйдің маңында мек­теп пен балалар бақшасы орна­лас­қан. Екінші кезеңдегі қоныстандыру жұмыстарының басым бөлігі де аяқ­талды. Ақсай қаласында тағы да екі көп пәтерлі үй және «Арал­тал» шағын ау­­дан­ында абаттан­ды­ру деңгейі бой­ы­­н­- ша қала пә­тер­лерінен кем түс­пей­тін 100 кот­тедж тұрғызылды. Олар­ға ком­му­ни­­кациялардың барлық тү­рі – газ, эле­к­тр және су жүргізілген. Көк­тем­де жолдар мен аяқжолдар тө­сеу жос­пар­ла­нып отыр. – Біз, ең алдымен, әр отбасы үшін қоныстану өмірдегі маңызды оқиғаның бірі екенін ескердік, – деп түсіндіреді Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов. – Сондықтан да біз тұрғындардан келіп түскен мә­се­лелер, тілектері мен ұсы­ныс­тар­ын ескеруге тырыстық. Басында олар өте көп болды. Алай­да, ме­нің есепті кездесуімде бел­гілі бол­ған­дай, туындаған мә­се­ле­лер­дің көп­шілігі өз шешімін тапты. Жо­ба­ның іске асырылуын облыс бас­­шы­лы­ғы үнемі назарында ұстап отыр. Біз, өзіміз де бірінші кезектегі та­­ла­бы­мыз деп есептейтін жұмыс сапа­сын қоныстанушылардың өздері д­е бақылауда ұстап жүр. Со­лар­дың ара­­сынан құрылған бастама­шыл топ, мен айрықша маңызы бар деп атаған ны­сандар – құрылыс алаң­дарында дүр­кін-дүркін болып тұ­рады. Екінші кезең аясында 373 үй иелерінің тұрғындары көшіріледі. Олар­дың 349-ы Березовкада және 24-і Бестауда. Қоныстандыру жө­ніндегі жоба басқарушысы Тревор Мандейдің айтуынша, халықаралық кон­сультанттардың қатысуымен ашық есік күндері өткен. Ол кез­де­сулерде қоныстану жағдайлары, қо­ныстанушыларға алғашқы көмек пен қолдау ережелері егжей-тегжей тү­сіндірілді. Осы мәселе бойын­ша то­­лық ақпаратты қамтитын бірнеше брошюра шығарылды. Бұдан бөлек, құ­рылған комиссия туындаған мәсе­ле­лер бойынша қабылдап, олар­ға то­лық жауап беру жұмысын жал­ғас­­ты­руда. Жаңа үйлердің құрылысына қа­зақ­стандық компаниялар тар­тыл­ған. Арал­талдағы 100 үй – бүтін бір шағын ау­дан. Онда 50 үш бөлмелі және сон­шалықты төрт бөлмелі коттедж тұр­ғы­зылды. – Үй іргесіндегі жер теліміне ш­а­руашылық құрылыстарын тұрғызу үшін өтемақы беру қарастырылған, – деп жалғастырды сөзін Алдияр Ха­лелов. – Оның үстіне, қазіргі кезде қолданылып отырған бағамен. Ше­шімін табуға жан-жақты қолдау көрсетілетін басты мәселелердің бірі – жұмыспен қамту. Көпшілігінің кен орындарында тұрақты жұмысы бар. Шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлерге қоныстанғаннан кейін өз ісін жалғастыруға арналған жер телімдері беріліп жатыр. Жаңа жағ­дайда шаруа қожалығындағы жұ­мысын жаңғыртуға байланысты мә­селе де ойластырылды. Бұл жерде жа­ңа­дан қоныстанушылардың та­лап-ті­лектерін ескеру қажет. Осын­­дай тап­­сырмалар кәсіпкерлік жә­­не жер қа­­тынастары бөлімдеріне бе­ріл­ді. «Қарашығанақ 1» шағын ау­да­нында 300 орындық мектеп және Арал­талда 320 орындық балабақша құ­рылысы аяқталып келеді. Бұл, со­нымен бірге, қосымша жұмыс орындары. «Оралқұрылысинвест» компаниясы директорының орынбасары Федор Павкин айтып өткендей, балабақша тұрғызудағы барлық құрылыс жұмыстарымен бірге, жиһаз бен құрал-жабдық жеткізіп беру аяқталды. Құрылыс департаменті мен білім бөлімінің талаптары да еск­еріліп отыр. Нысан басында үне­мі техникалық қадағалау өкілі жүр­ді. Мердігерлердің өздері де жұ­мыс сапасының жоғары болуына, құ­рылыс мерзімі мен қа­у­іп­сіздік тех­­никасы нормаларын мүл­тік­сіз сақ­тау­ға мүдделі болды. Бала­бақ­шада бүл­діршіндердің сабақ оқуы жә­не дем алуы үшін барлық жағдай қара­с­- ­тырылған. – Мұндай істе майда-шүйде болмайды, – дейді Алдияр Халелов. – Жаңадан қоныстанушылардың Аралталдағы әр ауланы техникалық су­мен қамтамасыз ету туралы ті­легі орындалды. Бұл үшін ұң­ғы­ма­­лар қазылды. Қоныстану бел­гі­­ленген мерзімде өткізіледі деп ой­лаймын, Алла қаласа, қыркүйек айын­да жаңа жерге қоныстанады. Ба­­лабақша іс жүзінде әзір. Мек­теп­­тегі соңғы жұмыстарды бірінші та­мыз­ға дейін аяқтауды жоспарлап отыр­мыз. Березовка мен Бестау бала­ла­ры­ның демалуы мен емделуіне қол­дау көр­се­теміз. Біз алдымызға әр­қай­сысының жа­ғ­­дайына кіруді мақсат етіп қойдық, оны орындап шығамыз деп сенемін. Сонымен бірге, әбден ойластырылған жоспарға да өмір өз толықтыруын енгізеді. Сондықтан, жаңадан қо­ныс­­танушыларға қолдау көрсету жө­нін­дегі комиссия қоныстанушылар кө­ші­рілгеннен кейін де әрекет ететін бо­лады. Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы