• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Биыл Жамбыл облысында 325 мың шаршы метр баспана салынады

175 рет
көрсетілді

Өткен жылы Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы жоғары қарқынмен жүрді. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Соңғы жылдар ішінде алғаш рет құрылыс жұмыстарының көлемі 103,3 млрд. теңгені құрап, 4,2 % ұлғайды», – деп атап өтті өңір басшысы. «Құрылыс саласына салынған инвестициялар 32% артып, 22,6 млрд теңгеге жетті. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 318 мың шаршы метрден астам баспана тұрғызылды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 8,8% көбірек. Бюджеттік қаражат есебінен 36,6 мың шаршы метр баспана салынды, ал жеке компаниялар 281,6 мың шаршы метр баспана құрылысын қаржыландырды», – деп атап өтті Көкірекбаев. «2016 жылы кезекте тұрғандарға 10,2 мың шаршы метрді құрайтын екі үй және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша 7,9 мың шаршы метр несиелік үй пайдалануға берілді. 415 отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл 325 мың шаршы метр баспана салуды жоспарлап отырмыз», – деді облыс әкімі.