• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Қардан тазарту акциясы басталды

276 рет
көрсетілді

Биыл қар қалың түсті. Ал оны аршып алу қиынға соғып тұр. Әсіресе, жасы егде тартқан адам үшін бұл да бір жұмыс. Осыған орай, Ақмола облысында «Жастар – Отанға» жобасы аясында қардан тазарту отрядтары құрылып, тұрғындарға аулаларын тазартуға қолұшын беруде. Әсіресе, «Жас Отан» ЖҚ-ның Ақкөл аумақтық бөлімшесі белсенділік танытып, «Көмек қолыңды бер» акциясының бас­талуына мұрындық болып отыр. Мысалы, «Жас Отан» жа­с­тар қанатының бөлім­­шесінен ауда­н орта­лығының тұрғындары Ба­қыт­­жан Ауса­лықова, Ев­докия Трофи­мова және Любовь Елисеева келіп, көмек сұраған. Осыған орай, «Жас Отанның» белсенділері болып табылатын №4 Ақкөл орта мектебінің оқушылары қарт адамдарға аулаларын қар­дан аршып беруге қолұшын беруге кірісті. Еріктілер Ұлы Отан со­ғысы ардагер­лерінің аулаларын, балабақ­шаларды, жол­дар мен шатыр­ларды да қардан тазартты. Олар үшін бұл қызықты көрінгенмен, қарт адамдар үшін бұл үлкен көмек. Осылайша, жас­тар үл­кендердің риза­шы­лығына бөленіп, өздерінің қол­қанат болу­ға жарап қалған­дарын сезі­нуде. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы