• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Харольд Ледерман: Головкин ешқашан нокдаун алмаған

177 рет
көрсетілді

Белгілі сарапшы, HBO телеарнасының қызметкері Харольд Ледерман орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен дәл осы салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді. Бұл туралы sports.kz хабарлады. «Бұл орта салмақтағы екі мықты боксшының арасындағы жекпе-жек болмақ. Головкин әрине өз салмағындағы ең үздік былғары қолғап шебері. WBO белбеуінен басқасының бәріне қол жеткізген. Соққысы мығым, қарсыласына дәл тигізер болса, оңай болмасы анық. Кәсіпқой бокста да, 300-ден астам кездесу өткізген әуесқой бокста да нокдаун алмаған. Көпшілік оны pound-for-pound рейтингінде бірінші нөмірлі боксшы деп есептейді», – деді Харольд Ледерман. «Джейкобс та мықтылардың бірі. Әрине, қатерлі ауруды жеңіп, шаршы алаңға шығу да оңай жұмыс емес. Бойындағы ерік-жігері еріксіз таң қалдырады. Қолдары ұзын, жылдам қозғала біледі. Қорыта айтқанда бізді керемет жекпе-жек күтіп тұр», – деді сарапшы. Айта кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы айқас 18 наурыз күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бокс кешін елімізде «Қазақстан» ұлттық арнасы тікелей эфирде көрсетеді.