• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Жамбыл облысында иесіз су қоймалары белгілі болды

175 рет
көрсетілді

Өңірде су шаруашылықтарын толық жөндеуден өткізу және толыққанды қаржыландыру үшін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу жалғасып келеді. Бұл туралы және Жамбыл облысының аумағындағы су шаруашылық нысандарының жағдайы кезекті облыстық әкімдіктегі жиналыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Су қоймалары қазіргі көктемде қауіп төндірмейді, олардың толу деңгейі 50-70% шамасында. Жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру артып келеді. 2016 жылы облыстық бюджеттен коммуналдық меншіктегі 18 гидронысанды жөндеуге 206,2 млн теңге бөлінді. Биыл осы мақсатқа 402 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. «Гидронысандарды тиімді пайдалану және толықтай жөндеу үшін коммуналдық меншіктен республикалық меншікке 172 арна берілді. Биыл осы үдеріс жалғасады. Екінші кезеңде республикалық меншікке 280 нысанды өткізу көзделіп отыр. Қазір облыстың коммуналдық меншігінде 124 ішкі шаруашылық арнасы бар, 90 арна иесіз қалып отыр. Әр арнадағы жердегі жұмыстар жобасын, мемлекеттік актілерді және техникалық төлқұжатын әзірплеуге облыс бюджетінен 225 млн теңге бөлінеді», – деді Жамбыл облысының табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Қойбақов. Басқарма басшысы Жамбыл облысында 117 су қоймасы бар екендігін мәлім етті. Оның бесеуі республикалық меншікте, бесеуі жеке тұлғаның иелігінде, 105-і коммуналдық меншікте. Облыста барлық су қоймаларын есепке алуды жүргізу бойынша комиссия құрылған.