Чилидің орталық өңірлерінде су тасқыны болып, үш адам қаза тапты. Табиғат апатынан сондай-ақ, 19 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық қызметі хабарлады.
Осының салдарынан Сантьяго ауданындағы 1,5 миллионға жуық тұрғын үйдің су құбыры істен шықты.