• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Елімізде екі агроорталық құру жоспарланып отыр

164 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғановтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерді күшейту мақсатында екі агроорталық құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Агроөнеркәсіп саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерге өнім өндірушелердің қаржысын тарту жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университеті негізінде екі агроорталықты құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, дайын ғылыми теxнологиялардың трансферті жүргізіледі. Ол үшін арнайы орталық та құрылған», – деді Айтуғанов Үкіметтің бүгінгі отырысында. Айта кетейік, отырыс барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы жұмыс жоспарын таныстырды. Бұл жоспарда Жер комиссиясының жұмысы нәтижесінде қолға алынған шаралар да бар. «Атап айтқанда, жердің жаңа кадастрлық бағасын белгілеу, нақты мәліметтер базасын жасақтау және геоботаникалық карталарды әзірлеу жұмысы жүргізіледі. Қазіргі заң жобасы Үкіметтің 16 ақпан күнгі қаулысымен Парламенттің қарауына енгізілді», – дейді Айтуғанов.