• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Қазақстан даму Банкінің басқарма құрамында өзгерістер болды

201 рет
көрсетілді

Қазақстан даму Банкінің басқарма құрамында өзгерістер болды. Бұл туралы Қазақстан биржа қорының сайты жазды. «Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 23 ақпанындағы шешіміне сәйкес, 2017 жылғы 24 ақпаннан бастап басқарма төрағасының орынбасары, банктің басқарма мүшесі Сарқұлов Абай Серікұлының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды», - делінген хабарламада. Дәл осы шешіммен 24 ақпан күні Әубәкіров Думан Бауыржанұлы банктің басқарма мүшесі болып тағайындалған.