Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Электронды күнделік" жүйесінің қоғамда қатты талқыланып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол бұл жобаны жүзеге асыру үшін қоғам пікірімен санау керектігін айтты.
"Электронды күнделік" жүйесіне қатысты қоғам көзқарасы әртүрлі. Неге олай? Егер ол барлығына пайдалы болса, қоғам неге қатты талқылап жатыр!? Адамдардың қарсы болатын тұстары бар шығар, мүмкін. Біз бұны білмейміз, дегенмен ата-аналарда, мұғалімдерде бірқатар келіспеушіліктер туындап жатқанға ұқсайды. Сондықтан осында айтылған мәселелердің барлығы қоғам талқысына салынғаны жөн. Біз бұл жобаға қарсы емеспіз, егер игілікке жарап жатса, "Цифрлік Қазақстан" аясында жетілдіруге дайынбыз", - деді Премьер-министр.
Өз кезегінде БҒМ министрі Ерлан Сағадиев қазіргі таңда "Күнделік" жүйесін пайдаланатын мұғалімдер саны 174 мыңнан асқанын атап өтті. Оның айтуынша, жүйені 1,4 млн. оқушы, 854 мыңнан астам ата-ана қолданып отыр.