• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

АӨК-ні дамыту шараларын іске асыру үшін 2,4 трлн теңге қажет

124 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген 2017-2021 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың шаралар жоспары Мемлекеттік бағдарламаның 8 міндеті бойынша 134 шарадан тұрады. Бұл туралы бүгін  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлімдеді. «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қорымен инвестициялық субсидиялар есебінен алғашқы төлемді өтеу арқылы кооперативтерді басым несиелендіру, сонымен қатар ҚҚС бойынша шығындарды өтеуге кооперативтерге субсидиялар бөлу қарастырылуда. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері мен әкімдіктер арасында әр жылға өңірлер тұрғысынан алғандағы нақты көрсеткіштері бар үшжақты жоспарларға қол қойылатын болады. 2017 жылы әрекет етуші кооперативтер санын 326-ға дейін жеткізу жоспарда бар», - деді бірінші вице-министр. «Биыл 21 ақпанда Жоспар жобасы Республикалық бюджеттік комиссия отырысында мақұлданды, сонымен қатар Президент әкімшілігімен, тиісті министрліктермен және ведомстволармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бекітілді», - деді Айтуғанов. Оның айутынша, су ресурстарын тиімді пайдаланумен қамтамасыз ету, су сіңіру жүйелерінің инфрақұрылымын қалпына келтіру, жаңа су қоймаларының құрылысы секілді шаралар мемлекет басшысының  айналымға 600 мыңнан астам гектар жерді жүйелі түрде суландыруды енгізу, олардың ауданын 2021 жылы 2 млн гектарға дейін жеткізу туралы берген тапсырмасын атқаруға мүмкіндік береді. 2017-2021 жылдардың шаралар жоспарын іске асыруға шамамен 2,4 трлн теңге қажет. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 1,2 трлн теңге, жергілікті бюджеттен – 852 млрд теңге, ШҚҰ мен шаруашылық субъектілерінен – 306 млрд теңге.