• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Серік Сәпиев "Астана арландары" клубының директоры қызметінен кетеді

301 рет
көрсетілді

Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиев "Астана арландары" клубының директорлық қызметінен кетеді, деп жазады Vesti.kz.  "Мәжіліс депутаты ретінде мен енді "Астана арландары" клубының директоры қызметін атқара алмаймын. Дегенмен де мен клубқа жанкүйер боламын. Өйткені, мен бұл клубта екі жыл басшылық еттім. Бұл уақыттың ішінде біз WSB жобасының чемпионы атандық. Иә, депутат ретінде мен отандық спорттық дамуына бар күш-жігерімді салатын боламын. Бірақ "Астана арландары" менің есімде мәңгі қалады. Себебі, бұл менің басшы ретінде атқарған бірінші жұмысым", - дейді Сәпиев. Естеріңізге сала кетсек, бүгін Орталық сайлау комиссиясы "Нұр Отан" партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу туралы шешім шығарған болатын.