Алматы қаласындағы Орталық стадионының алдына электрондық бақылау жүйесі енгізілді. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі хабарлады.
Стадионға кірер алдында электрондық есептеу құрылғылар жабдықталған турникеттер қойылған. Осы жүйе билеттердің арнайы штрих-кодын оқуға және видео арқылы бейнелерді жазып алуға мүмкіндік береді. Қажет жағдайда электрондық турникет арқылы өткен әрбір жанкүйерді сәйкестендіруге болады.
Осы маңызды еңгізілім Еуропа жарыстарына қатысатын барлық командалар үшін арналған және УЕФА талабына сай қауіпсіздікті арттыру мақсатымен байланысты.