• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Биыл ОҚО-да 1300 шақырым жол жөнделеді

111 рет
көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл 501 нысан немесе 1356,1 шақырым жол мен көше, 3 жаяу жүргіншілер өткелі және 12 көпірде жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, жұмыстарды атқаруға бюджеттен 26 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген. "2017 жылы 11 нысан, яғни 50,7 шақырым жол мен 3 жаяу жүргіншілер өткелі жаңадан салынса, 17 нысан - 59,9 шақырым жол қайта жаңарудан өтеді. 97,6 шақырым жол мен 4 көпір (13 нысан) күрделі жөндеуден өтіп, 1147,9 шақырым жол мен 8 көпір (460 нысан) орташа жөндеуден өтетін болады. Мұнан бөлек, қазына қаржысы облыстық маңыздағы 4330,3 шақырым автомобиль жолдары мен 32 жобаны әзірлеуге (426,8 шақырым) ұқсатылмақ", - дейді баспасөз қызметіндегілер. Олардың айтуынша, 2016 жылы 305 нысан немесе 640,9 шақырым жол мен көшелер және аяқжолдардың құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген еді. Таратып айтсақ, ұзындығы 30,8 шақырым жол (6 нысан) жаңадан салынса, 27,1 шақырым жол (17 нысан) қайта жаңарудан өтті. 23 нысанға (148,6 шақырым) күрделі жөндеу жұмыстары жасалса, 259 нысан (434,4 шақырым) орташа жөнделген. Ал былтыр Шымкент қаласының Қапал батыр көшесіндегі 1 теміржол өткелі мен облыс аумағындағы 17 көпір пайдалануға тапсырылған екен.