«УНИВЕР Капитал» ААҚ "қор" және "туынды" санаттары бойынша Қазақстандық қор биржасы АҚ-ның (KASE) мүшелерінің қабылдаған алғашқы шетелдік брокер компаниясы болды, деп жазады KASE-нің баспасөз қызметі.
"Қор" санатты бойынша мүшелікке ену KASE-де айналымға енген құнды қағаздардың биржалық саудасына қатысу мүмкіндігін берсе, "туынды" санаты арқылы компания туынды қаржы институттарының биржалық саудасына қатыса алады.
«УНИВЕР Капитал» компаниясы 1995 жылдан бері қор нарығында жұмыс істеп келе жатқан "УНИВЕР" инвестициялық тобюының құрамына кіреді. Компания "Мәскеу биржасы", "Санкт-Петербург биржасы", және "Ұлттық сауда биржасы" АҚ саудаларының қатысушысы.
"Биржа қазақстандық нарықтың инвесторлық базасын кеңейту мақсатында шетелдік брокерлердің қатыуына мүдделі. Аталған компанияның келуімен Қазақстан қор биржасы ЕАЭО елдерінің нарығына кеңінен жол ашуда. 2016 жылдың қараша айында Халықаралық банк "валюталық" санаты бойынша KASE-ні мүшелікке алған еді», — дейді KASE басқарма төрайымы Әлина Алдамберген.