• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
28 Ақпан, 2017

Қытайда лазерлі қару қолданысқа енгізіледі

337 рет
көрсетілді

Қытай Абу-Дабидегі Халықаралық қару-жарақ және әскери техника көрмесінде әуеде қорғанудың лазерлі жүйесін әлем назарына ұсынды, деп хабарлады 24.kz. «Ақырын аңшы» (Silent Hunter) деп аталатын жүйе төмен биіктікте ұшатын ұшқыш-роботтарды еш қиналмастан қағып түсіреді, деп жазады «Жэньмин жибао» басылымы. China Poly Group корпорациясы шығарған бұл қорғаныс жүйесі қолданысқа беріліп қойған. Сипаттамасы бойынша бұл лазерлі қару нысанаға 4 шақырым жерден дәл тиіп, қирата алады. «Ақырын аңшы» 800 метр жерден қалыңдығы 10 мм болатын бес қабат болат металды тесіп уге қабілетті.