• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі қызметінен босатылды

187 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды. *** Сонымен қатар Мемлекет басшысының Өкімімен Руслан Ысқақұлы Омаров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды *** Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне; Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды.