• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Серпіліс керек, серпіліс

192 рет
көрсетілді

Жоғары хоккей лигасының плей-офф кезеңінде Өскеменнің «Торпедо» командасы Ижевскінің «Ижсталь» хоккей клубымен күш сынасып, 3:2 есебімен басым түсті. Бұл матчта алғашқы голды 21-минутта Максим Беляев салып, айдын иелерін алға шығарды. 29-минутта Константин Романов басымдықты арттыра түсті. Намысқа басқан «Ижсталь» ойыншылары 33-минутта Никита Панасенконың көмегімен есеп айырмашылығын қысқартты. Дегенмен, араға бес минут салып, Талғат Жайлауов «Торпедоның» үшінші шайбасын салды. Ал соңғы кезеңнің басында Евгений Банцерев кездесудегі соңғы голды соқты. Плей-офф бәсекесінің алғаш­қы ойынында өскемендіктер 1:0 есебімен басым түскен. Ал келесі матч бүгін Ижевскіде өтеді. Бұл сында өнер көрсетіп жатқан тағы бір қазақстандық клуб – Қарағандының «Сары­арқасы» «Звезда» командасын қабылдап, 0:4 есебімен ойсырай ұтылды. Қонақтар сапынан Александр Шаров 5-минутта есеп ашса, Ар­тем Антипов 25-минутта еселей түсті. Федор Колупайло 35-ми­нутта басымдықты арттырды. Ал ойынның аяқталуына бірне­ше секунд қалғанда Вячес­лав Основин соңғы шайбаның авторы атанды. Қос команда арасындағы ал­ғашқы кездесуде «Сарыарқа» 6:0 есебімен жеңіске жеткен бола­тын. Енді келесі екі матч «Звез­да» командасының айдынында өтеді.