Негізін белгілі режиссер Лұқпан Есенов қалаған «Тамаша» әзіл отауы жаңа жобада жарқырамақ. 40 жыл бойы қазақы қалжыңмен халықтың көңілін көтеріп, көкейін түртіп келген ұжым енді телевизиялық нұсқада халықпен қауышпақ.
«Тамаша City» аталатын бұл жоба сан түрлі өнердің басын біріктірмек. Шоудың әрбір шығарылымы қандай да бір тақырыпқа арналған емін-еркін импровизациялық концерт түрінде өтеді. «Еуразия» арнасынан әр жексенбі сайын көрсетілетін шоу бір бағдарлама шеңберінде көрермен назарына «Тамаша» театрының жаңа миниатюралары, актерлердің өздері орындайтын музыкалық нөмірлер, интерактивті ойындар ұсынылады. Көрермен аталмыш бағдарлама аясында «Тамашаның» алтын қорынан ел жадынан өшпейтін қойылымдарды да көре алады.
Алмас НҮСІП,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ