• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Ақындар да айтады-ау...

287 рет
көрсетілді

– Теңіздің суын ішуге бола ма? – деп сұрағанға Нұрлан Мұсаев деген сабаз: – Жүзе алмасаң ішесің ғой, – деп жауап қатқан деседі. * * * Жас айтыскер ақын Таң­жарық Ержан атақты Балғынбек Имашевпен танысуға барып: «Атым Таңжарық, таңға жуық туылған соң ата-анам солай деп атапты. Өзімнен кейін Кешжарық деген інім бар» десе Балғынбек: «Қайырлы түн деген қарындастарың жоқ па?» – деген екен. * * * Өткен жылы шілде айында Шығыс Қазақстан облысындағы Ақсуат өңірінде республикалық айтыс болды. Жүрсін Ерман бастаған ақындарды Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев пен айтысты ұйымдастырушы кәсіпкер Дулат Тастекеев бастаған азаматтар құрақ ұшып қарсы алған. Арнайы тігілген киіз үйдегі дастарқаннан кейін алдағы жоспарды сұраған Жүкеңе ұйымдас­тырушылардың бірі: – Енді қазір ХІХ ғасырдағы атақты тәуіп, әулие Ырғызбай Досқанаұлының басына барамыз. Сол жерде керектеріңізді сұраңыздар. Әулие сұраған­дарыңызды береді, – дейді. Моңғолияның Баян Өлгей аймағына барып, жолдан шаршаңқырап тұрған Жүрсін аға: – Ырғызбай бұл жерден қанша шақырым? – деп сұрады. – Сексен шақырым. Қулана күлген Жүкең: – Онда сонау жақтағы әулиені әуре қылмай-ақ кере­гімізді қасымыздағы әкімнен сұрай салайық та, – деп тұрған­дарды қыран-топан күлкіге қарық қылған екен. Әзірлеген Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»