• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ҮНДЕУІ

237 рет
көрсетілді

Құрметті отандастар!

1 наурыз күні біз жалпы­ха­лықтық мереке – Алғыс айту кү­нін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жал­пы­ұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бас­тамасымен бекітілген Алғыс айту күні бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды. Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты. Бүгін біз миллиондаған адамның өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі Қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлылығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қолұшын созып, иық тіреп көмек көрсету – Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет қалыптасқан. Отанымыздың тарихы мен жинақтаған тәжіри­бесінен асқақ гуманизмнің, адал ниет пен шынайы ризашылықтың мыңдаған дәлелдерін көруге болады. Көптеген жыл бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы дара Көшбасшымыздың жетекшілігімен қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз қалады. Бұл – Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерін айқындап, Үшінші жаңғырудың міндеттерін абыроймен орындауға берік іргетас болып отыр. Алғыс айту күні Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Бұл күні біз ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз. Біз бүгін ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының ұлдары мен қыздарына пана болған елдерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Біздің алғысымыз бен достығымызды қабыл алыңыздар! Біз 1 наурызда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың іргетасы – Елбасы басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін атап өтеміз. Халық Ассамблеясы өткен 22 жылда барлық 18 миллион қазақстандықты жалпыазаматтық тұғырнамаға топтастырды. Бүгінгі таңда Қазақстанның барша халқы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа елдегі бейбітшілік, тыныштық, тұрақ­тылық пен болашаққа деген сенім үшін асқан ризашылықпен ыстық ықыласын білдіреді. Біз Елбасын, Қазақстан халқын Алғыс айту күні­мен, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні­мен құт­тық­таймыз, ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келі­сім үшін баршаңызға ризашылығымызды білдіреміз. Біз тарихи зердені сақтау және жалпыұлттық құнды­лық­тарымызды еселеу арқылы ғана ортақ мақс­атымыз – тұрақты, гүлденген және өсіп-өркен­деген Қазақстанды құратынымызға сенімдіміз!